90 млн доллардың жанар-жағармайын шетелге сатпақ болған басшы сотталды

537

Оның кінәсі сотта дәлелденді.  

90 млн доллардың жанар-жағармайын шетелге сатпақ болған басшы сотталды Фото: zhaikpress.kz

Павлодар облысында 90 млн доллар болатын 100 мың тоннадан аса жанар-жағармайды шетелге заңсыз сатқысы келген компания басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны (165 тонна) "жанармай қоспасы" деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады. Бензиннің жалпы құны – 54 млн теңге. Сондай-ақ құны 89 млн теңге болатын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болғанда компанияның заңға қайшы әрекеті анықталды.

"Жалпы аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 млн доллары көлемінде 100 мың тоннадан аса жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекетке берілді. Бұрын бензин сатудан түскен  54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімімен компания директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды",  деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу