90 мың тонна дизель отыны жеткізіледі

887

90 мың тонна дизель отыны жеткізіледі

Ел үкіметінің тапсырмасына сәйкес апта соңына дейін отандық жанармай құю бекеттеріне Ресейден 90 мың тонна дизель отыны жеткізіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Күн райының суықтығына байланысты алғашқы маусымаралық партия бірінші кезекте солтүстік, шығыс және батыс аймақтарға бағытталады. Ал желтоқсан айында импорт көлемін 20-25 мың тоннаға ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС-нің бас директоры Қуандық Құлмырзин хабарлады. Оның айтуынша, Павлодардан бөлек Атырау мен Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттары дизельмен елдің оңтүстігін толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Осылайша "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттеріндегі дизель отынының литрі 155-160 теңге көлемінде сақталады.

Айта кетейік, елде сатылатын барлық жанармайдың 16%-ы осы аталған станциялар желісінің үлесіне кіреді. 
"Елімізде дизель отынына деген тапшылықты жоққа шығара алмаймыз. Ал АИ-92 маркалы бензиніне келетін болсақ, мұнай өңдейтін отандық 3 зауыт жанармайдың осы түрін ұдайы шығарып отыр. Сондықтан Ресейден бензин экспорттау қажеттілігі төмендемесе, жоғарылаған жоқ",- дейді "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры  Қуандық Құлмырзин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу