90 жұмысшының 15,3 млн теңге жалақы берешегі қайтарылды

353

Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті.  

90 жұмысшының 15,3 млн теңге жалақы берешегі қайтарылды Фото: Kursiv Media

Байзақ ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында "Байзақ су" ШЖҚ МКК-де жұмысшылардың жалақысына қатысты берешек анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, кәсіпорынның қаржылық шығындарды негізсіз жоспарлауы салдарынан биылғы ақпан айында 90 қызметкердің алдында 15,3 млн теңге көлемінде жалақы қарызы қалыптасқан.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде берешек толық өтеліп, жұмысшылардың еңбек құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, заң бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмыстар ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу