Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер: "Депутаттардың қазіргі жалақысы жеткілікті ме?" деген сұрақ қойды.
"Қазіргі жалақы мөлшері жетпеуі мүмкін. Отбасында 5-6 бала болса, 500, 700, 800 мың теңге кімге жетеді? Бізде кейбір депутаттардың 5-6 баласы бар. Баланы балабақшаға немесе түрлі үйірмелерге апару керек болады. Ал балалардың өзіне кететін қаражаттың өзі шамамен 300 мың теңгеге дейін барады. Оның үстіне азық-түлік бағасы да өсіп жатыр. Сондықтан миллион теңге де жетпеуі мүмкін", – деді Бақытжан Базарбек.
Мәжілісмен шамамен 900 мың теңгедей жалақы алатынын айтты.
"Бұл жеке өзіме жеткіліксіз. Сол себепті жұбайымнан да жұмыс істеуін өтіндім", – деді Бақытжан Базарбек.