95 адам ҰБТ тапсыруға жіберілмеген

1228

72 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

95 адам ҰБТ тапсыруға жіберілмеген

"Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеген және нәтижелері жойылған тест тапсырушылардың жалпы саны 95 адамды құрады. Оның ішінде тестілеуге кіргізу барысында әртүрлі тыйым салынған заттарды алып келгені үшін тестілеуге жіберілмегендер 23 адам бар. Ал тест тапсыру барысында тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 72 талапкердің нәтижесі жойылды", – деді спикер.  

Түлектер пандемияға байланысты 42 тест тапсыру пунктінде 50%-ға толымдылықпен ҰБТ тапсыруда. 

"Бір талапкердің дене қызуы жоғары болғандықтан тестілеуге жіберілмеді. Ол басқа уақытта тапсырады. Мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беру қажеттілігі бар 29 талапкер тест тапсырды. Биыл оларға қосымша 40 минут уақыт және арнаулы орын белгіленген. Тест мазмұны да олардың ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген", – деді ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу