Нұрсұлтан Назарбаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

1897

Нұрсұлтан Назарбаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Иранның батысындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу