А. Көлгінов: "Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады"

685

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдағы үш жылда кезекте тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.  

А. Көлгінов: "Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады"

ҚР Президентінің жолдауын талқылау бойынша қала активінің отырысында қала әкімі А. Көлгінов егер жазда тұрғын үйге кезекте 46 мың адам тұрса, қазір оның саны 47,5 мыңға дейін өскенін айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

"Кезекте тұрған адамдар саны артуда. Екі айда кезек бір жарым мың адамға көбейді. Келесі жылы елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге ұлғайтылады. Теқ қана бюджетке жүгініп қана қоймай, сонымен қатар қолжетімді тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту қажет" , - деді А. Көлгінов.

Қала әкімі А. Көлгінов жақында модульдік үй құрылысы зауытының іске қосылғанын атап өтті. Құрылыстың осындай түрі шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және үй салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Құрылыс салушылар қолжетімді тұрғын үй сегментін қарастырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу