Ресейден кетіп жатқан 56 шетелдік компания Қазақстанға келуге ниетті – Әлихан Смайылов

662

Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni сынды ірі халықаралық компаниялар Қазақстан нарығына келді.

Ресейден кетіп жатқан 56 шетелдік компания Қазақстанға келуге ниетті – Әлихан Смайылов Фото: primeminister.kz

Ресейден кеткен 56 шетелдік компания өз бизнесін Қазақстанда жалғастырады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір көптеген шетелдік компания Ресейден кетіп жатқанын көріп отырмыз. Біз осындай ірі компаниялардың тізімін құрдық. Олардың саны 300-ден асады. Олармен Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмысын жүргіздік. Бүгінде осы тізімдегі 56 компания өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге ниет білдірді. Қазір олармен релокация орны, мерзімі мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, компаниялардың бір бөлігі оң шешім қабылдап, кеңселерін Қазақстанға ауыстырған. Олардың арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және тағы басқа ірі халықаралық компаниялар бар.

Сондай-ақ Премьер-министр Қазақстанда Toyota-мен өндіріс ашу жөнінде келіссөз жасалып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу