"ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталары сатылымға шығады

567

Монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарынан сатып алуға болады – олардың мекенжайлары сайтта көрсетілген.  

"ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған "ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталары 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сатуға түседі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкі.

Күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі аталған монеталарды 2020 жылдың 10 тамызында айналымға шығарды. Оларды шығару ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылды. Қазақстан Республикасында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату одан бұрын кейінге қалдырылған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу