Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді

129

Қойылымдар 2026 жылғы 23-25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді.  

Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді Фото: gov.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Гастроль аясында театр сингапурлық көрерменге 2 бағдарлама ұсынады.

Атап айтсақ, "Классикалық балет жауһарлары" ("Аққу көлі" (адажио), "Сильфида", "Дон Кихот" балетінен үзінді) және Альберто Алонсо қойып, музыкасын Родион Щедрин жазған бір актілі "Кармен-сюита" балеті.

Бұл қойылым – құмарлық, еркіндік пен тағдыр тақырыптарын терең ашатын әлемдік хореография өнеріндегі көркем туындылардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу