Абай атындағы театрдың "Спартак" балетін Аспендоста 30 мың адам тамашалады

208

Абай театры әйгілі антикалық сахнада өнер көрсетті.  

Абай атындағы театрдың "Спартак" балетін Аспендоста 30 мың адам тамашалады Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Түркияның Аспендос қаласында өткен XXXIII халықаралық опера және балет фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық ұжым әйгілі антикалық театр сахнасында Арам Хачатурянның "Спартак" балетін ұсынды. Қойылымды 30 мың көрермен тамашалады.

"Спартак" балетін хореограф Заурбек Райбаев қойған. Театр фестивальге Түркияның Мемлекеттік опера және балет театрлары бас басқармасының шақыруымен қатысты.

Басты партияларды Архат Әшірбек, Айман Егісбаева, Сырым Аюпов және Жанель Түкеева орындады. Қойылымға театрдың балет әртістері мен Нұржан Байбусинов жетекшілік еткен симфониялық оркестр қатысты.

Заурбек Райбаевтың "Спартак" балеті оның шығармашылық жолындағы маңызды қойылымдардың бірі саналады. Қойылым бүгінде Абай атындағы театрдың репертуарында сақталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу