Абай ауданының жолдарында жүзден астам көлік жиналып тұр

321

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай ауданының жолдарында жүзден астам көлік жиналып тұр Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысы Көкпекті ауданындағы жолдарда көлік қозғалысының шектелуіне байланысты көлік кептелісі орын алды. Тас жолда 100 жеңіл көлік, 15 жүк көлігі және 1 автобус тұр.

Ведомстводан көлік кептелісі болған жерге облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары жіберілгенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта бұл көліктер автоколоннада, қар жауып, көрінбейтіндіктен олар қозғалысын жалғастыра алмайды. Құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет емес", - деді ТЖМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу