Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметінің бастығы ұсталды

557

Лауазымды тұлға 1000 доллар АҚШ долларын делдал арқылы алған деген күдікке ілінді.

Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметінің бастығы ұсталды Фото: inbusiness.kz

Көші-қон қызметінің басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен ҰККД  қолға түсірген деген ақпарат таралған болатын. 

Қазір бұл фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі растап отыр.

-    "Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, Полиция департаментінің көші-қон қызметі бастығын ұстағандығын растаймыз"-дейді ведомстваның баспасөз қызметі.  

Алайда агенттік  толық ақпаратты  алдағы уақытта жариялайтындықтарын алға тартып, күдіктінің не үшін ұсталғандығы жайлы түсінік берілмеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу