Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

170

Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу