Абай облысы әкімінің орынбасары болып Димитрий Гариков тағайындалды

740

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс активіне өзінің жаңа орынбасары Димитрий Гариковты таныстырды деп жазады inbusiness.kz.

Абай облысы әкімінің орынбасары болып Димитрий Гариков тағайындалды

Димитрий Александрович Гариков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д. Серікбаева атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының "Тұрмыс қызметі" АҚ-да от жағушы болып бастаған. 

Әр жылдары түрлі қызмет атқарған: 

- Бородулиха МАЗС-да оператор болды.

- Кейін Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы;

- Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында жанар-жағармай құю бекетінің меңгерушісі;

- "Коммуналдық шаруашылық" мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы;

- Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

- "ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы;

- Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары;

- "ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы қызметтерін атқарды.

- Семей қаласы әкімінің орынбасары;

- Курчатов қаласының әкімі;

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

- ШҚО "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ басшысы;

- Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу