ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Абай облысы полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл қызметке бұған дейін Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров тағайындалды. Облыс әкімі Берік Уәли полиция департаментінің жаңа бастығының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Эльдар Данияров 2009 жылдан бастап ҚР Құқық қорғау саласында, оның ішінде жол және әкімшілік полициясында инспектор, аға инспектор, бөлім бастығы және басқарма бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу