Абай облысы Жетіжар ауылындағы ТЖ режимі алынып тасталды

433

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысы Жетіжар ауылындағы ТЖ режимі алынып тасталды Фото: gov.kz

Абай облысы Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, науқаста сібір жарасы анықталмаған.

“Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі  шешіміне сәйкес, залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынына жүргізілген ПТР және қан мен жара сынамасының нәтижесінде ауру белгілері анықталған жоқ. Медициналық диагноз: сол жақ бетінің стафилококково-стрептококковты карбункул”, - делінген хабарламада.

Бүгінде Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу