Абай облысында 1 түнде 233 жол ережесін бұзу дерегі анықталды

218

Рейд барысында жеті автокөлік арнайы тұраққа қойылды.  

Абай облысында 1 түнде 233 жол ережесін бұзу дерегі анықталды Фото: novoetv.kz

Абай облысында демалыс күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір түннің ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 233 дерегін анықтады. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу сияқты құқық бұзушылықтар бар.

Сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу, жүргізуші куәлігінсіз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өтпеген көлікпен жүру фактілері анықталды.

Рейд барысында алкоголь ішіп, көлік басқарған екі жүргізуші жолдан шеттетілді. Бұдан бөлек, тіркелмеген және тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған, мемлекеттік нөмірі жоқ немесе оқылмайтын көліктер анықталды.

Құқық бұзушыларға заңға сәйкес шаралар қолданылып, жеті автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полицияның мәліметінше, мұндай рейдтердің басты мақсаты – қауіпті жағдайлардың алдын алып, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және адам өмірін сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу