Абай облысында 10 теміржол вокзалы толық жаңғыртылады

166

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Абай облысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады.    

Абай облысында 10 теміржол вокзалы толық жаңғыртылады Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай, Жалаңашкөл, Шар, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш және Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдары толық жаңғыртудан өтеді, деп жазады inbusiness.kz облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

- Семейдегі теміржол вокзалының ғимараты толық жаңартылып, инженерлік инфрақұрылымдары ауыстырылып, іргелес аумағы абаттандырылмақ. Жалаңашкөл станциясының вокзалын жөндеу Алакөлдің туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Атап өтерлігі, жаңғырту жұмысы барысында вокзалдардың тарихи келбеті өзгермейді. Әр өңірдің архитектуралық ерекшелігі сақталады. Қазіргі уақытта мердігерлер анықталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Есеев.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша 120 вокзалды реконструкциялау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу