Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

225

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды Фото: Polisia.kz

"Шетелдік" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде", - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу