Абай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

432

Жасөспірім жағалауда ересектердің қарауынсыз қалған. 

Абай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті Фото: google.com

Абай облысыда жағалауда қараусыз қалған жасөспірім қыз суға батып кетті. 2 сағат іздестіру шараларын жүргізген құтқарушылар судан қыздың денесін тауып, алып шықты.

Қайғылы оқиға Бесқарағай ауданы Стеклянка ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, 15 жастағы қыз өзеннің арнайы жабдықталмаған учаскесінде ересектердің қарауынсыз қалған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 5 маусым күні болыпты. 

- Құтқарушыларға Ертіс өзенінде жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына құтқару бөлімшесінің қызметкерлері дереу шықты. Қыз бала өзеннің арнайы жабдықталмаған учаскесінде ересектердің қарауынсыз қалған. Шомылып жүрген ол кенет суға батып кеткен, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 4 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында шомылуға барған ер адам суға батып кеткен болатын. Қайғылы жағдай Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында орын алған. Белгілі болғандай ер адам арнайы жабдықталмаған учаскеде суға түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу