Абай облысында 17 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

605

Бұл туралы Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Абай облысында 17 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: canva.com

Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың гектардан астам жер телімін өз мақсатына пайдаланбай, ұзақ уақыт үшінші тұлғаларға қосалқы жалға бергенін анықтады. Бұл туралы Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Олардың кадастрлық құны 329 млн. теңгені құрады",- делінген хабарламада. 

Мәлім болғандай, қазіргі уақытта жер телімдерін пайдалануға мұқтаж өзге де кәсіпкерлерге, оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі қарастырылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу