Абай облысында 185 жұмысшыға тиесілі 15 млн теңге төленді

353

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  

Абай облысында 185 жұмысшыға тиесілі 15 млн теңге төленді Фото: gov.kz

Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы "Жарма Су" және "Горводхоз" КМК қызметіне жүргізілген талдау барысында еңбек және салық заңнамасының өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлар анықтағандай, 2025 жыл бойы аталған кәсіпорындар жұмыскерлер үшін міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдарды төлемеген. Соның салдарынан 185 жұмыскердің конституциялық құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, жұмыскерлердің құқықтары толық қалпына келтірілді. Жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам міндетті төлемдер өтелді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы аударылуы Абай облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу