Абай облысында 2,8 млрд теңгелік жобада инвестор заңсыз айыппұлдан қорғалды

308

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысында 2,8 млрд теңгелік жобада инвестор заңсыз айыппұлдан қорғалды Фото: arbat media

Абай облысында 2,8 млрд теңге инвестиция салынған ірі жобаға қатысты заңсыз әкімшілік шараға тосқауыл қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Прокуратураның араласуынан кейін 184 жұмыс орнын ашуды көздейтін инвестор негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылудан қорғалды.

Абай облысы прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, автожанармай құю станциялары желісін салумен айналысатын "Gaz&Мұнай" ЖШС-ның құқықтарын қорғады.

Құрылыс кезеңінде табиғатты қорғау полициясы тарапынан серіктестікке абаттандыру қағидаларын бұзды деген негізбен әкімшілік хаттама толтырылған. Келіп түскен шағымдар қоршаудың жоқтығы мен құрылыс материалдарының орналастырылуына қатысты болған.

Дегенмен іс материалдарын тексеру барысында заң талаптарының дұрыс қолданылмағаны анықталды. Құрылыс материалдары кәсіпорынның өз аумағында орналасқан және қоғамдық кеңістікке шығарылмаған.

Осыған байланысты абаттандыру қағидаларын қолдануға құқықтық негіз болмағаны белгілі болды.

Нәтижесінде Семей қаласының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға келісім бермей, инвесторды заңсыз жауапкершілікке тарту тоқтатылды.

Айта кетейік, "прокурорлық сүзгі" тетігі аясында инвесторларға қатысты әкімшілік шаралар прокуратура органдарымен міндетті түрде келісілетіні ескертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу