Абай облысында 5 мың ірі қараны бордақылайтын алаң іске қосылды

314

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Абай облысында 5 мың ірі қараны бордақылайтын алаң іске қосылды Фото: eldala.kz

Абай облысы Ақсуат ауданының Екпін ауылдық округінде орналасқан "Мәуліт" шаруа қожалығында 5 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда кешенде 1,2 мың бұқа бар. Шаруашылықтың иелігінде 3850 га жер бар, ол заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, ал қыс мезгілінде қосымша 10 қызметкерді тарту жоспарлануда.

"Шаруашылық жергілікті тұрғындардан және жеке шаруашылықтардан мал қабылдайды, бұл ауыл тұрғындарына жануарларды қолайлы бағамен сатуға және қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру ет өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, өңірдің экономикалық дамуына жаңа серпін береді", – деп атап өтті әкімдікте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу