Абай облысында 60 кәсіпкер заңсыз тексерілген

175

Заңбұзушылықтарға жол берген 11 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Абай облысында 60 кәсіпкер заңсыз тексерілген Фото: gov.kz

Семей қаласының прокуратурасы Полиция басқармасының әкімшілік тәжірибесіне жүргізілген талдау барысында бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу фактілерін тексеру міндетті түрде құқықтық статистика органдарында тіркелуге тиіс.

Полиция қызметкерлері тексерулерді тиісті тіркеусіз жүргізіп, олардың қорытындысы бойынша 60 әкімшілік хаттама жасаған, бұл оларды тоқтатуға негіз болады.

Қала прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде заңсыз әкімшілік істер қайта қаралып, тоқтатылды.

Кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, сондай-ақ заңбұзушылықтарға жол бергендер жазаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу