Абай облысының тұрғыны 44 жыл төлқұжатсыз жүрген

318

Көкпекті ауданының тұрғынында  44 жыл бой жеке басын куәландыратын құжат болмаған.

Абай облысының тұрғыны 44 жыл төлқұжатсыз жүрген Фото: Абай облысы ПД

Ол полиция бөліміне жүгінгенде осы уақытқа дейін аудан орталығынан алыста  тұрып келгендігін және куәліктің қажет болмағандығын айтыпты.

Анықталғандай 90-шы жылдары жеке куәлік рәсімдеуге анықтама жинап жүріп, қолындағы кеңестік төлқұжатын жоғалтқан. Содан бері ешқайда жүгінбепті. Биыл зейнетке шығу үшін, жеке куәлік қажеттігін айтып полицияға келген.  

Полиция бөлімінің Көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оған жеке басын куәландыратын құжатын рәсімдеуге көмектескен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу