Абай облысында 7 мыңнан астам мектепке камера орнатылды

542

Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасы мәлім етті.

Абай облысында 7 мыңнан астам мектепке камера орнатылды

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңір бойынша мектептерге 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 1 259 камера бар. Бірақ олардың ішіндегі 813 данасы (76%) ауыстыруды талап етеді, - дейді басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Сонымен қатар өңірдегі 24 қосымша білім беру мекемесінде 223 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Осы мекемелердің барлығында дабыл жүйесі орнатылған.

"БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында және облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс. Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 93,4% құрайды", - дейді Нұржан Ахметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу