Абай облысында 70 мың ағаш отырғызылды

190

Абай облысында "Таза Қазақстан" шарасы басталғалы 70 мыңнан аса ағаш отырғызылды.

Абай облысында 70 мың ағаш отырғызылды Фото: Абай облысы әкімдігі

Акция өңірге қарасты 11 ауданның бәрінде дерлік іске асқан.

Мәселен Бородулиха ауданында 1000-нан аса тұрғын қарағай орманын қалыпқа келтіру үшін жүздеп көшет отырғызды.

Аймақтың өзіне тән ағашы да жергілікті климатқа аса маңызды. Өйткені еңселі өсімдік жел мен құмнан қорған. Оның үстіне былтырғы өрт орманға кері әсерін тигізген-ді. Ал игі іске бір күнде 30 мекеменің қызметкері жұмылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу