Абай облысында 8 мектептің директоры жауапқа тартылды

246

Cебебі, білім беру ошақтарында тыйым салынған контенттер оқушылар үшін қолжетімді болған.  

Абай облысында 8 мектептің директоры жауапқа тартылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Үржар ауданының прокуратурасы жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 43-бабы талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Белгіленген талаптарға қарамастан, 8 мектепте балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тыйым салынған сайттарға (оның ішінде суицидтік, зорлық-зомбылық сипатындағы және ересектерге арналған контенттерге) еркін қолжетімділік болғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мектеп директорлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар аталған барлық білім беру ұйымдарында тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 1609 мыңнан астам баланың құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу