Абай облысында агробизнеске бөлінген 250 млн теңге жымқырылған

117

Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті бұл істі прокуратураның үйлестіруімен жүргізген.  

Абай облысында агробизнеске бөлінген 250 млн теңге жымқырылған Фото: eldala.kz

Абай облысында агробизнеске бөлінген ірі көлемдегі қаражатты заңсыз пайдалану дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, "Агробизнес" жобасы аясында фермерлерді қолдау үшін берілетін жеңілдетілген несиелерді шаруа қожалығының басшысы заңсыз жолмен алған.

Атап айтқанда, "Ықыбай" шаруа қожалығының жетекшісі жалған құжаттар ұсынып, ірі қара мал сатып алу мақсатында жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асатын 2 несие рәсімдеген.

"Қаражат ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалмаған. Құжаттарда көрсетілген мал мен кепіл мүлкі шын мәнінде болмаған, ал ақша жеке мақсаттарға пайдаланылған. Нәтижесінде мемлекетке 211 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген", – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінң хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық өтеген. Қазіргі таңда оған қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылып отыр.

Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу