Абай облысында әкімдік заңсыз қаулы шығарып жіберген

125

Әкімдік жайылымдық жерді заңсыз бөлген. 

Абай облысында әкімдік заңсыз қаулы шығарып жіберген Фото: inbusiness.kz

Абай облысында әкімдік заңсыз қаулы шығарып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бородулиха ауданының әкімдігімен жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырылған.

Жер заңдарының нормаларына сәйкес жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған.

Елді мекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді көздейді.

Прокуратура қабылдаған шараларымен аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күшін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу