Абай облысында алимент төлемеген ана сотталды

240

Үржар ауданында әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып, сот талабын орындамаған.  

Абай облысында алимент төлемеген ана сотталды Фото: abai.kz

Абай облысының Үржар ауданында алимент төлемеген ана бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үржар ауданында әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып келген. Бұрын ол әкімшілік жауапқа тартылған. Сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болады деген пікірде.

Бүгінде әйелдің балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан.

Бұған дейін Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы негізінде әйелдің бір жылға бас бостандығы шектелген.

Сондай-ақ сотталушы Қылмыстық кодекстің 44-бабы 1 бөлігімен 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған болатын. Бірақ, ол сот үкімін орындамаған.

"Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, тәрбие жұмыстары өткізілгеніне қарамастан, әйел қорытынды шығармаған. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, қасақана алимент төлемеген және жұмысқа орналасқысы келмеген. Үржар аудандық сот шешімімен борышкер әйел сот залынан бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", – деп жазылған пробация қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу