Қазір аталған факті бойынша құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 маусым күні болған. Аягөз қаласында әскери міндетін өтеп жатқан жігітті әке-шешесі демалыстан кейін бөлімге дейін шығарып салмақ болып, жолға шыққан.
"Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің біріндегі мерзімді әскери қызметші мен ата-анасы жол апатынан қаза болды. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", – делінген ақпаратта.
Құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмдардың жақындарына жан-жақты көмек көрсетеді. Соның ішінде әскери ұшақпен қаза болғандардың мәйіттерін тұрғылықты жеріне жеткізуді ұйымдастырады", – делінген хабарламада.
"Toyota Lumiere көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota Lumiere көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.