Абай облысында ауыл шаруашылығы қалай дамып жатыр?

513

Өңірдің құрылғанына бір жылдан асты. 

Абай облысында ауыл шаруашылығы қалай дамып жатыр? Фото: Inbusiness.kz

Биылғы 11 айда Абай облысындағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 118,3 пайызға артып, 485,8 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысының құрамында 2 қала, 8 аудан бар. Бүгінгі таңда өңірде ауыл шаруашылығына ерекше ден қойылғанын байқауға болады. 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,5 есеге ұлғайып, 725,9 млрд теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарында айтылған.

Облыста ірі қара мал басы 140,1 мың басқа жетті. Қой-ешкі саны – 223,0 мың бас болса, жылқы 29,8 мың басты құрады. Жыл басынан бері аймақта 9,5 тонна ет, 74,3 тонна сүт өндіріліп, 2165,1 мың дана жұмыртқа шығарылды.

Абай облысында 71 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Атап айтқанда, 55 ірі қара мал, 11 қой, 5 жылқы шаруашылығы жұмыс істеп тұр.

Өңірде 5,6 мың тоннадан аса сүт өндіретін екі сүт-тауарлы ферма салынбақ.

Облыс әкімдігінің дерегінше, аймақта 168,6 мың тонна картоп, 93 мың тонна көкөніс, 51,3 мың тонна бақша өнімдері жиналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу