Абай облысында бір жылдың ішінде 2443 отбасы баспаналы болды

233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Абай облысында бір жылдың ішінде 2443 отбасы баспаналы болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыста бір жыл ішінде өңірде 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2443 отбасы баспаналы болды. Аймақ бойынша 19 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 2442-сі – көпбалалы отбасылар санатына жатады. Биыл біз, жалпы ауданы 480 мың шаршы метр болатын, 68 көппәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізіп келеміз. Алдағы үш жылға тағы 148 көпқабатты тұрғын үйді іске қосу жоспарланған", - деді Нұрлан Ұранхаев.

Бұл 6800 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өңірде тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласын қаржыландыру 2 есеге артып, сумен жабдықтау нысандарын қаржыландыру 3 есеге, жолдарды жөндеу – 2,3 есеге ұлғайды. 

Білім беру саласы бойынша шығыстар 1,2 есеге, денсаулық сақтау 2 есеге өсіп, әлеуметтік қорғау – 23%-ға ұлғайған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу