Абай облысында боранда жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

436

Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус жолда қалған болатын. 

Абай облысында боранда жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды Фото: smi.24kz

40 жолаушы отырған Алматы-Зайсан бағытындағы автобус  боран салдарынан тиісті жеріне жете алмаған, деп жазады inbusiness.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үржар ауданы әкімдігі, төтенше жағдайлар, полиция бөлімдерінің қызметкерлері және Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А.Қожаевтың ұйымдастыруымен жолда қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы Таскескен ауылына орналастырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді", делінген ақпаратта.

 Алматы-Зайсан бағытындағы автобус  таңғы 8-де жолға шыққан болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу