Абай облысында егін жинау науқаны аяқталды

320

 Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.  

Абай облысында егін жинау науқаны аяқталды

2023 жылы жалпы 745,4 мың га алқапқа егістік егілді, оның ішінде дәнді және бұршақ дақылы 315,0 мың га, майлы дақыл 290,5 мың га, күнбағыс 285,7 мың га, картоп 8,0 мың га, көкөніс және бақша дақылы 5,8 мың га, жем-шөп дақылдар 126,1 мың га құрайды.
 
Бүгінде облыс көлемінде 315,0 мың га (100%) дәнді және бұршақ дақылы, 290,5 мың га (100%) майлы дақыл, 8,0 мың га (100%) картоп, 5,8 мың га (100%) көкөніс және бақша дақылы жиналды.
 
Қала мен аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес дәнді және бұршақ дақылының жалпы өнімі 329,3 мың тоннаны, орташа өнімділігі 10,5 ц/га, майлы дақыл 319,7 мың тонна, орташа өнімділігі 11 ц/га, картоп 168,6 мың тонна, орташа өнімділігі 210,4 ц/га, көкөніс пен бақша дақылы – 144,2 мың тонна, орташа өнімділігі 249,6 ц/га құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу