Абай облысында есірткі жеткізудің ірі арнасы жойылды

387

Күдікті есірткіні ғаламтор арқылы сатқан.

Абай облысында есірткі жеткізудің ірі арнасы жойылды Фото: Polisia.kz

Абай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы ҚР ІІМ арнайы бөлімшесімен операция жүргізу нәтижесінде Астана қаласынан психотроптық заттарды жеткізудің ірі арнасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі құралдарын шағын бумаларға орап, облыс орталығында құпия орындарға жасырып, ғаламтор арқылы сатуды іске асырған азаматтың жеке басы анықталды. 23 жастағы қойып кетушіден қолға түскен кезде спицификалық иісі бар ұнтақ консистенциялы ақ түсті зат бар екі полиэтилен пакет табылды.

Тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында күдіктіден қара түсті скотчпен оралған 37 орам табылып, тәркіленді. 

Оның ішінде спицификалық иісі бар ұнтақ консистенциялы ақ түсті зат, 9 қорап зип-пакет, сондай-ақ өлшеп орауға арналған заттар болған. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған адамнан жалпы салмағы 406 грамм болатын аса ірі мөлшерде А-PVP синтетикалық аса қауіпті психостимулятор, бұдан басқа жалпы салмағы 6,68 грамм мефедрон психотроптық заты тәркіленді. 

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу