Абай облысында инвестордың құқығы прокуратура араласқаннан кейін қалпына келтірілді

244

Экология департаменті басшысының орынбасарына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.  

Абай облысында инвестордың құқығы прокуратура араласқаннан кейін қалпына келтірілді Фото: ourcrowd.com

Абай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы "KAZ MINERALS AKTOGAY" ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға әкеп соққан заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, Экология департаменті инвесторға қатысты заңда көзделген тексеруді жүргізбей және белгіленген рәсімді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Прокуратураның наразылығынан кейін сот компанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жойды. Сонымен қатар анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жеке қаулы шығарылды.

Бұдан бөлек, Экология департаменті басшысының орынбасары 20 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу