Абай облысында із-түзсіз жоғалған бала құдықтан табылды

106

Абай облысында учаскелік полицей камералардың көмегімен жоғалған 8 жасар баланы тауып алды.

Абай облысында із-түзсіз жоғалған бала құдықтан табылды Фото: Абай облысы ПД

Чекоман ауылында Райян есімді 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға сол күні келіп түсті. Куәгерлер баланы соңғы рет сағат 16:30 шамасында көрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірнеше минуттың ішінде жергілікті тұрғындар баланы іздеуге шықты. Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері дереу іздеуге қосылды.

Шешуші рөлді бейнебақылау камералары атқарды: учаскелік полиция инспекторы Алмас Бесенбеков пен ауылдық округтің әкімі Нұркен Жарликенов жазбаларды қарап, баланың жүріп өтуі мүмкін бағытын және нақты орналасқан жерін анықтады.

Бала құдықтың ішінен табылды. Ол жерде бірнеше сағат болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бетон плитаның бір шеті опырылып, астында ойық пайда болған. Бала сол ойықты байқамай, ішіне түсіп кеткен.

Бала аман-есен құтқарылды, медициналық көмектің қажеті болмады. Баланың анасы іздеуге қатысқан барлық адамға және көмек көрсеткендерге алғысын білдірді.

– Бейнебақылау жүйелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады: осы жағдайда камералар жедел әрекет етуге және баланың өмірін құтқаруға көмектесті, – деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров.

Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға әсіресе қыс мезгілінде балаларға ерекше көңіл бөлу қажеттігін еске салып, қауіпті учаскелер мен ашық инженерлік құрылыстар туралы ақпаратты уақытында хабарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу