Абай облысында қараусыз қалған көл қалпына келтірілді

700

Көкпекті ауданында он жылға жуық қараусыз қалған көл тазартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.  

Абай облысында қараусыз қалған көл қалпына келтірілді Фото: khabar24.kz

Үкілі қыз ауылының жанындағы суы тартылып, қалың қамыс өсіп, жарамсыз күйге түскен шағын көлді қалпына келтіру мәселесін ауыл тұрғындары көтерген. Игі бастаманы жергілікті кәсіпкерлер қолдап, өз техникаларын ұсынып, су арнасы бір жарым айда толық тазартылып, жағалау бекітілген. Көкпекті ауданы әкімдігі алдағы уақытта көл маңын абаттандырып, жұрт демалатын орынға айналдыруды жоспарлап отыр.

"Мына көлді біздің бабаларымыз өз қолымен қазған. Өгізге мініп, тер төгіп, тоған тұрғызған. Бұл жер құстары шулаған, балығы тайдай тулаған ауыл тұрғындары тынығатын тамаша мекен болатын. Енді міне көл арнасы қайта суға толды", - деп қуанышымен бөлісті ауыл тұрғыны Светлана Котлярова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу