Абай облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

275

Өртті сөндіруге 140 адам мен 33 техника жұмылдырылды.

Абай облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Ұзынбұлақ учаскесінде құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт елді мекеннен 22 шақырым қашықтықтағы батпақты жерде шыққан.

Оқиға орнында Абай және Жетісу облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, "Ауыл құтқарушылары" өрт сөндіру бекеттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге барлығы 140 адам, 33 техника және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған. Елді мекендерге қауіп жоқ, сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу