Абай облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

120

Өрттен елді мекендерге қауіп жоқ.

Абай облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Мақаншы ауданы Қабанбай ауылынан 22 шақырым жерде тұтанған өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 27 техника жұмылдырылды. Бұл батпақты аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, "Ауыл құтқарушылары" еріктілері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Қатты желдің екпіні, аумақтың батпақты болуы және биіктігі кей жерлерде үш метрге жететін қалың қамыс өртті сөндіруді қиындатып отыр. Өрт сөндірушілер жалынның шаруа қожалығының тұрғын үйіне және көлемі шамамен 30 тонна болатын жиналған шөпке таралуына жол бермеді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай ведомствоның бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу