Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды

104

Өрт болған аумақтың жекелеген учаскелерінде бықсып жанған жерлер әлі де бар.

Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды Фото: Видеодан скриншот

Мақаншы ауданында, Қарабұлақ ауылдық округінің Жарсу учаскесінде ашық аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Тұтану ошақтарын сөндіру және өрттің қайта таралуына жол бермеу мақсатында су себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіру жұмыстары өрт сөндіру техникасының қозғалысын және жекелеген ошақтарға жетуді қиындататын, баруы қиын батпақты жерлерге байланысты күрделенуде.

Сонымен қатар қатты екпінді жел оттың таралуына ықпал етіп, сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

"Тартылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру және жұмыстарды ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнына Абай және Жетісу облыстары ТЖД күштері мен құралдары, Қарабұлақ және Қаратал ауылдарындағы "Ауыл құтқарушылары" өрт сөндіру бекеттері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 60-қа жуық адам, 18 бірлік техника және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу