Абай облысында лай құрсауында қалған 4 адам құтқарылды

100

Абай облысы Аршалы ауылынан 35 шақырым жерде дала жолында жеңіл автокөлік лайға батып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Абай облысында лай құрсауында қалған 4 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Кеше кешкі уақытта "112" пультіне Жарма ауданында, Аршалы ауылынан 35 шақырым жерде дала жолында жеңіл автокөлік лайға батып, ішінде 4 адамның қалғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жоғары өтімді техникамен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде шықты. Лай жолмен ондаған шақырым жүріп өткен құтқарушылар көлік пен адамдарды тауып алды.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында автокөлік қауіпсіз жерге сүйреп шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу