Абай облысында орташа айлық жалақы 292,8 мың теңгені құрады

Бір жылда көрсеткіш 17,6%-ға өскен.

Абай облысында орташа айлық жалақы 292,8 мың теңгені құрады Фото: inbusiness.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде Абай облысының әкімі өңірдің алғашқы жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, облыс құрылған бір жылдан артық уақыт ішінде әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан оң серпін тіркелді. 

"Ай сайын, барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталды. Мәселен, өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 107,5%-ды құрады. Ал негізгі капиталға инвестиция 44,2%-ға өсіп, 426,2 млрд тенгеге жетті. Ал салалар бойынша: құрылыста – 141,1%, өнеркәсіпте – 106,3%, ішкі сауда – 103%, ауыл шаруашылығында 101,7% деңгейінде өсім тіркелді", – деді Абай облысының әкімі.

Жағымды динамиканың бірі айлық мәселесіне қатысты. Өңірде орташа жалақы 17,6%-ға өсіп, 292,8 мың теңгені құрады. Сонымен қатар аймақ бюджетінің кірістері 141%-ға өсіп, қазынаға 87,4 млрд  теңге түссе, биыл аймақтық бюджет көлемі 419,2 млрд теңгеге жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу