Абай облысында өртенген үйден бір адамның денесі табылды

242

Өрттің себебі анықталуда. 

Абай облысында өртенген үйден бір адамның денесі табылды Фото: Pixabay.com

Бүгін таңғы сағат 08.00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатыры, қабырғалары, терезелері мен есіктердің өртеніп, қосарланған ғимараттарға таралғаны анықталды. 

"Өрт сағат 10.56-да оқшауланып, сағат 12.02-де толық сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 100 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда. Үйді тексеру барысында бір адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу