Абай облысында өзгенің атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

542

Алаяқ AnyDesk қосымшасы арқылы тұрғынның атына 9,5 млн теңге несие рәсімдеген.  

Абай облысында өзгенің атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды Фото: Polisia.kz

Бұл туралы  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысы Аягөз ауданында 43 жастағы тұрғын, оған белгісіз біреудің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін ҚР банктер қауымдастығының қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырғанын хабарлап, жәбірленушіге оның банктік шоты бойынша күдікті операциялар туралы хабарлаған. Қоңырау шалушы оның сауалнамалық деректерін нақтылап алған соң, AnyDesk қосымшасын жүктеуді сұраған. 

Нәтижесінде жәбірленушінің атына жалпы сомасы 9,5 млн теңгеге түрлі банктерде несие ресімдегені белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Осы қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Интернет-алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, алаяқтық саны азаймай отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының аумағында 272 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Оларды жасаудың ең кең тараған тәсілі белгілі сауда сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде хабарландырулар орналастыру арқылы интернет-сауда болып қалуда және жыл басынан осындай 140-тан астам қылмыс тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу