Абай облысында полицейлер көлігі суға батқан жүргізушіге көмектесті

85

Оқиға 11 наурыз күні болды.

Абай облысында полицейлер көлігі суға батқан жүргізушіге көмектесті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көлік тізгінінде әйел адам болған. Қала тұрғыны үйіне қайтып бара жатқан кезде жолдағы еріп жатқан қар суының салдарынан оның көлігі қар суына батып, әрі қарай қозғала алмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізуші не істерін білмей жолдағы азаматтардан көмек сұраған. Сонымен қатар жақын маңда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне хабар беруді өтінген.

Хабарлама түскен бойда Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының аға инспекторлары Нұрбол Бузаубаев пен Нұрдәулет Есімханов жедел түрде оқиға орнына жетті. Полицейлер алдымен жағдайды мұқият бағалап, көліктің өздігінен қозғала алмайтынын анықтады.

Қызметкерлер тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көлікті патрульдік автокөлікке арқанмен байлап, оны судан сүйреп шығару арқылы жүргізушіге көмек көрсетті. Нәтижесінде көлік қауіпсіз жерге шығарылды. Қала тұрғыны полицейлердің жедел әрекетіне және көрсеткен көмегіне шынайы ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу